Жітіқара ауданы орталығындағы №3 орта мектептің базасында цифрлық технологиялар кабинеті ашылды. Әзір облыста да, тіпті елімізде баламасы жоқ кабинет аудандағы Балалар мен мектеп оқушылары сарайының филиалы ретінде қызмет көрсететін болады.
G M T Определить языкАзербайджанскийАлбанскийАнглийскийАрабскийАрмянскийАфрикаансБаскскийБелорусскийБенгальскийБирманскийБолгарскийБоснийскийВаллийскийВенгерскийВьетнамскийГалисийскийГреческийГрузинскийГуджаратиДатскийЗулуИвритИгбоИдишИндонезийскийИрландскийИсландскийИспанскийИтальянскийЙорубаКазахскийКаннадаКаталанскийКитайский (Упр)Китайский (Трад)КорейскийКреольский (Гаити)КхмерскийЛаосскийЛатинскийЛатышскийЛитовскийМакедонскийМалагасийскийМалайскийМалайяламМальтийскийМаориМаратхиМонгольскийНемецкийНепалиНидерландскийНорвежскийПанджабиПерсидскийПольскийПортугальскийРумынскийРусскийСебуанскийСербскийСесотоСингальскийСловацкийСловенскийСомалиСуахилиСуданскийТагальскийТаджикскийТайскийТамильскийТелугуТурецкийУзбекскийУкраинскийУрдуФинскийФранцузскийХаусаХиндиХмонгХорватскийЧеваЧешскийШведскийЭсперантоЭстонскийЯванскийЯпонский АзербайджанскийАлбанскийАнглийскийАрабскийАрмянскийАфрикаансБаскскийБелорусскийБенгальскийБирманскийБолгарскийБоснийскийВаллийскийВенгерскийВьетнамскийГалисийскийГреческийГрузинскийГуджаратиДатскийЗулуИвритИгбоИдишИндонезийскийИрландскийИсландскийИспанскийИтальянскийЙорубаКазахскийКаннадаКаталанскийКитайский (Упр)Китайский (Трад)КорейскийКреольский (Гаити)КхмерскийЛаосскийЛатинскийЛатышскийЛитовскийМакедонскийМалагасийскийМалайскийМалайяламМальтийскийМаориМаратхиМонгольскийНемецкийНепалиНидерландскийНорвежскийПанджабиПерсидскийПольскийПортугальскийРумынскийРусскийСебуанскийСербскийСесотоСингальскийСловацкийСловенскийСомалиСуахилиСуданскийТагальскийТаджикскийТайскийТамильскийТелугуТурецкийУзбекскийУкраинскийУрдуФинскийФранцузскийХаусаХиндиХмонгХорватскийЧеваЧешскийШведскийЭсперантоЭстонскийЯванскийЯпонский Звуковая функция ограничена 200 символами Настройки : История : Обратная связь : Donate Закрыть«Кабинет «Рухани жаңғыру» мен Елбасының Қазақстан халқына «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауы аясында ашылды. Балалар мен мектеп оқушылары сарайында заманауи балалар техникалық паркі ашылуы тиіс. Сондықтан кабинет те осы сарайдың филиалы болады» деді осы кабинеттің ашылу салтанатына қатысқан облыс әкімінің орынбасары Марат Жүндібаев.
Кабинетті цифрлық жабдықтармен жабдықтауға 8 миллион теңге қаржы жұмсалды. Оған «Атығай Голд Майнинг» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі демеушілік жасады. Кабинетте компьютер, интерактивтік тақта, 3D-принтер, 3D-сканер секілді мультимедиялық және робототехникалық құралдар, «Электроника» бағытындағы жабдықтар, «Ақылды үйді» жинауға және оның бағдарламасын жасауға арналған жиынтық, 3D-автомодельдеуге арналған бағдарламалар мен конструкторлар қойылған.
Ұстаздар цифрлық технологиялар балалардың компьютерлік бағдарламаларды меңгеруіне, әсіресе ғылыми-зерттеу және инженерлік-технологиялық жұмыстарға мектеп оқушыларының назарын, ынтасын аударуға таптырмайтын мүмкіндік беретінін айтты
2018 жылдың аяғына дейін мұндай кабинет облыс аудандары мен қалаларының барлығында ашылады.
Нәзира Жәрімбет
«Егемен Қазақстан»
Қостанай